Филиппинде не болды? Асхат Аймағамбетов мақтанышпен бөліскен жаңалық
Сурет: Ашық дереккөзден
Филиппинде өткен International Biology Olympiad (IBO-2025) биыл қазақстандықтар үшін есте қаларлық жеңіспен аяқталды. Бұл жайлы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші хабар ретінде жария етті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің 80 елінен келген 320-дан астам жас дарын қатысқан зияткерлік додада Қазақстан құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізіп, төрт оқушының төртеуі де қола медаль иеленді.
Жеңімпаздар тізімі:
- Ерсултан Қайыркен — Павлодар, “Білім-инновация” лицейі, 10-сынып
- Батыр Ержанұлы — Өскемен, НЗМ, 11-сынып
- Айғаным Балташева — Астана, НЗМ, 12-сынып
- Алихан Ашырханов — Алматы, “Білім-инновация” лицейі, 8-сынып
Команданы жарысқа биология саласындағы жас мамандар — Ләйлә Асқарова мен Ильяс Сакимов дайындаған.
Айта кетерлік жайт, дәл осы олимпиаданы Қазақстанда өткізу бастамасын 2021–2022 жылдары “Дарын” орталығын басқарған Ануар Унайбеков көтерген еді. Соның нәтижесінде былтыр елімізде IBO-2024 табысты ұйымдастырылды.
Асхат Аймағамбетов дарынды оқушыларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын шын жүректен құттықтап:
«Бұл — еліміздің білім беру жүйесінің әлеуетін дәлелдейтін үлкен жетістік», — деп жазды.
Пікірлер (0)