Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

Жаңалықтар
view 47
news

Футболдан еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Бауыржан Сағындық тағайындалды, – деп хабарлайды janabastau.kz. 36 жастағы маман бұған дейін кәсіби футболшы ретінде «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» командаларында ойнаған. Ал жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» клубында жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы болды. Сонымен қатар «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары Қазақстан 20 жасқа дейінгі жастар құрамасында бапкерлер штабында қызмет атқарған. 2022 жылы «Ақсу» футбол клубында бас бапкердің көмекшісі болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *