Астанада жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды
Жаңалықтар
61
Астанада терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін үш оқушының ата-анасына айыппұл салынды, – деп хабарлайды janabastau.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Астананың жедел басқару орталығына оқушы хабарласқан. Қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын айтқан. Қала мектептерінің бірінде оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу барған. Артынша жалған ақпарат таратқан 11 жастағы үш оқушы анықталды.
Аталған факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Фото: polisia.kz
– Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, – делінген Астана қаласы ПД таратқан ақпаратта.
Пікірлер (0)