Қоқыс тарифі заңсыз көтерілген
Жаңалықтар
95
Бурабай ауданында қоқыс төгетін компанияның тарифті заңсыз көтергені анықталды.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау және көму кезінде құнын белгілеуде заңнаманы бұзған, – деп хабарлайды janabastau.kz Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокуратуралық тексеріс кезінде ғимараттарды ұстау, электр және жылу энергиясы сметасына негізсіз шығынды қосу фактілері белгілі болған.
– Негізсіз тарифтің салдарынан жайлы пәтерлерде тұратын тұрғындардың тарифтері 37,70 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 420 теңгеден 382,30 теңгеге дейін), ал жайсыз үйлерге 40,91 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 455,85 теңгеден 414,94 теңгеге дейін) төмендетілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, – дейді Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің өкілі.
Пікірлер (0)