Газа секторын қалпына келтіруге 70 млрд доллар қажет – БҰҰ

Жаңалықтар
view 42
news

Фото: aa.com.tr

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Даму бағдарламасы өкілінің мәлімдеуінше, Газа секторын қалпына келтіруге 70 млрд доллар керек, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Reuters жазды.

Израиль мен Палестина арасында екі жылға созылған соғыс барысында Газа секторындағы үйлер мен ғимараттар кем дегенде 55 млн тонна үйіндіге айналды.

Бағдарлама өкілі Яко Силлиерстің айтуынша, орасан зор шығынды БҰҰ, Еуропа одағы және Дүниежүзілік банк есептеп шыққан. Қазірдің өзінде Араб елдері, Еуропа және АҚШ қаражат аударуға әзір.

Бүкіл аумақты қалпына келтіре алмаймыз-ау, – деп ескертті БҰҰ өкілі.

Оның айтуынша, алдағы үш жылда Газаны қалпына келтіруге шамамен 20 млрд доллар жұмсалу көзделіп отыр. Алай Силлериес сектордағы жұмыс нақты қашан аяқталатынын айтудан бас тартты. Өйткені көп нәрсе қаржыға келіп тіреледі. Сол себепті ауқымды жұмыс ондаған жылға созылып кетуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Газа секторындағы бейбітшілік үшін Дональд Трамптың еңбегін жоғары бағалағанын жазған болатынбыз. 

Бұған дейін Газадағы атысты тоқтату келісім күшіне енген еді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *