Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" халықаралық науқаны өтеді

Жаңалықтар
view 82
news

Дүние жүзінде жыл сайын 25 қараша халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрес күні және 10 желтоқсан адам құқықтары күні.Осыған орай "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" халықаралық науқаны өтеді. "2030 жылға қарай әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп жоямыз" халықаралық науқаны хабардарлықты жоғарылату, ақпараттық-ағартушылық жұмыс саласындағы күштерді белсендендіру, білім және инновациялармен алмасуға бағытталған жаһандық әрекеттерге шақырады. Елімізде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы халықаралық міндеттемелерге басымдық беретінін және іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, 2023 жылдың 1 желтоқсаны күні сағат 17.00.де Қосшы Мектеп-гимназия залында "ЗОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!" тақырыбында семинар өтеді. Бұл семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің эксперт психологы, ҚР Бас Прокуратурасының құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры Шакимова Лола Сергеевна, қалалық полиция бөлімі, жергілікті полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы А. Түсіпбаев, бас имам Төлеген Арғынбайұлы Керуімбаев қатысып сөз сөйлейді. Қызығушылық танытқан азаматтардың барлығын қатысуға шақырамыз!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *