Қыстың көзі қырауда

Жаңалықтар
view 65
news

Ақмола облысында 2023 жылдың 23-24 қараша күн- дері «Қыс – 2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Аталмыш шара азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтималды төтенше жағдайларды жоюға арналған іс-қимылдар дайындығын жетілдіру және тексеру мақсатында ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың тәртібі бойынша Қосшы қаласындағы нысандарда қыс мезгіліндегі орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша апаттық-құтқару және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылып, практикалық даярлықтар жоспарланған. Осыған орай азаматтық қорғау органдары мен арнайы экономикалық даму қызметтерінің шұғыл әрекет ету мақсатында 2 оқу орны құрылды. Жоспарланған шара бойынша 1-ші жаттығу орны: «АСИ» ЖШС мекенжайы. Сценарийге сәйкес, тұрғын үйдің жылу қазандығының жарылуы салдары салдарынан үй шатыры мен сыртқы қабырғасы опырылып, ғимарат ішінде өрт шығады. Қызметкерлер мен куәгерлер Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Целиноград ауданы ПҚ-22 бөлімшесінің «ОҚ және АҚСҚ» кезекшісіне, «101» қызметіне хабар береді. 2-ші жаттығу орыны: жергілікті трасса, 15 жолаушы тасымалдайтын автобус. Тайтөбе-Қосшы тас жолында көктайғақ салдарынан автобус шұңқырға құлайды, ауа температурасы -38 С0. Электр сымдарындағы қысқа тұйықталу салдарынан кабинада түтін шыққан. Тактикалық-арнайы жаттығу алдында азаматтық қорғаныс қызметтері, жедел әрекет ету тобы бірлесіп аудандағы құрылыс алаңын тексереді.   Тексеруден кейін Қосшы қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Шахмардан Әзірбаевтың, оқу-жаттығудың басшысы Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жүкейдің жетекшілігімен «Қыс – 2023» арнайы тактикалық оқу-жаттығуын өткізу үшін арнайы топ құрылды. Шараға қатысатын адам күші мен техникалық құралдары қабылданып алынды. Содан кейін оқу жетекшісі «Әрекетті практикалық тексеруге көшіңіз» деген бұйрық береді. Осы бұйрыққа сәйкес басқарма басшысы 1-ші және 2-ші оқу орындарына бекітілген командалар жаттығуға кірісу үшін старт сызығына көшірді. Қалған командаларға өз кезектерін күтіп, орнындарында қалуды тапсырады. Осыдан кейін оқу директоры мен оның орынбасары практикалық қызмет орнына ауысты. Белгіленген учаскелерге келгеннен кейін команданың жеке құрамы оқу барысында визуалды тексеру жүргізеді және шешім қабылдау үшін жағдайды түсіндіреді. Қорыта келе айтпағымыз, Қосшы қаласының арнайы тактикалық оқу-жаттығулары «Қыс – 2023» әскери барлау қызметінің командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында жоспарға сәйкес өтті. Байқауға өрт сөндіру бөлімінен – 2 арнайы техника және 6 адам, полиция бөлімінен – 4 адам және 1 арнайы техника, жедел жәрдем бригадасынан – 1 арнайы техника және 2 адам, «Қосшы су» ЖШС-дан – 2 адам және 2 арнайы техника, өрт сөндіру бөлімінен (ПП.-39с. Қабанбай батыр) – 4 адам және 1 арнайы техника, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, «Жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік байланысы» МКК, жолаушылар тасымалдау қызметінен, сондай-ақ білім бөлімінен 1 адам және 1 арнайы техника қатысты. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою жұмыстары айтарлықтай күшейтіліп, тұрғындардың қауіпсіздігін бақылауға алды. «Қыс – 2023» байқауында штабтық оқу-жаттығу ретінде қысқы кезеңге дайындық, күштер мен құралдардың жарақтан- дырылуын тексеру өткізіледі. Оқу-жаттығу басшылығының штабы Шортанды ауданы, Шортанды к., Абылай хан к-сі, 26А, мекенжайына орналасты. Штаб бастығы болып Қосшы қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Р.Корзумбаев белгіленді. Байланыс телефоны: 8 (716-31) 3-51-60, 8 (7162) 33-29-76. Қалалық штаб басшылығы Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46 мекенжайында орналасады. Байланыс нөмірлері: 87172 607888, 87761706835, 87005421994.

Амина ЕСХАТҚЫЗЫ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *