Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді

Жаңалықтар
view 111
news

Фотосурет aikyn.kz сайтынан алынды

Алматы қалалық дзюдо федерациясы дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді.

Бүгін Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошылардың алғашқы легі елге оралды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлде иегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. Дзюдошыларды Алматы әуежайынан олардың ата-анасы, достары, БАҚ өкілдері және жанкүйерлер күтіп алды.

Алматы қалалық дзюдо федерациясының өкілдері 66 кг салмақ дәрежесінде Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болған Ғұсман Қырғызбаевқа Toyota Land Cruiser көлігін мінгізді.

Еске сала кетейік, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичті "вазари" ұпайымен жеңген еді. Ал оған дейін Париж татамиінде Елдос Сметов (60 кг) франциялық спортшы Лука Мхеидзеден басым түсіп, алтын жүлдені қанжығалаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *