Халықтық бақылау күшейеді
Жаңалықтар
128
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында қоғамның рөлі ерекше аталынды. Осыған сәйкес, 2023 жылдың 2 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаев «Қоғамдық бақылау туралы» Заңға қол қойды. Осыған сәйкес, халықтың мемлекет істеріне тікелей араласу әдістері қалыптасуда деп айта аламыз.
Мемлекеттің қатысы бар экономикалық қарым-қатынастар, мемлекеттің тапсырысымен салынып жатқан мектеп пен жолдардың сапасын қоғамдық бақылауға жаңа тетіктер береді. «Қоғамдық бақылау туралы» заңда әскерилердің әлеуметтік жағдайын тексеруге де жағдай жасалған. Жалпы, бұл құжат қоғамдық бақылау нысаны мен субъектісі туралы ұғым беріліп отыр. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын, қызметі қоғамдық мүдделерге байланысты мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дербес білім беру ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар қоғамдық бақылау объектілері болып табылады. Заңнамада қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығы немесе өкілеттігі берілген ел азаматтары, коммерциялық емес ұйымдар және өзге де субъектілер қоғамдық бақылау субъектілері болып белгіленген. Бұл заң Конституцияда қарастырылған мемлекетке халықтың тікелей араласу тетігін іс жүзінде асырады. Петиция жасау да қарастырылған. Енді ел азаматтары аймақтық деңгейдегі өте өзекті мәселелер бойынша петиция жасауға құқылы. Ол петицияны жергілікті органдар міндетті түрде қарастыруы қажет. Осы өзгерістер еліміздегі тікелей демократия институтын, яғни халықтың мемлекет ісіне тікелей араласуының жаңа қарым-қатынасын жасайды. Сондықтан алдағы уақытқа қойылатын мақсаттардың бірі тиісті мемлекеттік органдардың халық арасында түсіндіру жұмыстары мен әдістемелік құралдарды кенінен тарату болып табылады. Себебі, Қоғамдық бақылау – мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз ететін құралдардың бірі. Әр азамат, мемлекеттік саясатты сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыруға қатыса алады.
Плюснин И.Г.
Ақмола облысы бойынша
«Жаңару» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қозғалысы»
РҚБ директоры
Пікірлер (0)