Шетел асқан қаржы елге қайтады

Жаңалықтар
view 75
news

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы өзгерту туралы көп айта аламыз, бірақ еліміздің Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллаларды қолдану бойынша шешуші әрекеттерге көшті. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша, Конституцияға, Қазақстан Республикасының Президентін қайта сайлау құқығынсыз бір жеті жылдық мерзімге сайлауды көздейтін маңызды демократиялық өзгерістер енгізілді, бұл ретте бұл норма қайта өзгертуге жатпайды (Конституцияның 41-бабының 1-тармағы, 42-бабының 5-тармағы, 91-бабының 2-тармағы). Бұл елдің жоғарғы басшылығының тұрақты ауысуын қамтамасыз етеді және де барлық деңгейдегі билікті монополиялау тәуекелдерін жоюға ықпал етеді. 2022 жылғы 20 қарашада кезектен тыс президенттік сайлауда жүйелі реформаларды, бүкіл саяси жүйені және негізгі мемлекеттік институттарды түбегейлі қайта жүктеуді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыруды көздейтін өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін қоғамның жаңа сенім мандатын алып, Қ.Қ. Тоқаев сенімді жеңіске жетті. Президенттің инаугурациядан кейінгі алғашқы актілерінің бірі елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді анықтауға бағытталған жарлық болды. Оны іске асыру үшін активтерді қайтару мәселелерін көздейтін заң жобасы әзірленді, ал құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда осы бағытта мамандандырылған бөлімшелер айқындалды. Бұдан басқа, бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның негізгі мақсаты – заңсыз алынған қаражат пен ресурстарды мемлекетке қайтару. Біз Жаңа Қазақстан үшін!

Плюснин И.Г.

Ақмола облысы бойынша

«Жаңару» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қозғалысы»

РҚБ директоры

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *