Тұрмыстық кикілжіңге кінәлілер жазаланады

Жаңалықтар
view 63
news

2023 жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қосшы қаласының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Жасур Мәжитов және қалалық емхана психологы Әсем Қайратқызы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығының кеңесшісі Әсел Тоғжанқызы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша Қосшы қаласының мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу келесідей мәселелер бойынша ұйымдастырылды: Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз не? Психологиялық зомбылық деген не? Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған пациентке қалай көмек көрсетіледі? Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу үшін отбасы қандай алдын алу шараларын жүргізуі керек. Аталған шара өте тартымды өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген алуан түрлі сұрақтар қойып, білікті мамандар тарапынан ол сауалдарына тұшымды жауап берілді. Сондай-ақ кездесу барысында отбасылық өмірде кездесетін әртүрлі жанжалды жағдайлар талқыланып, көтеріліп отырған тақырып бойынша әркім өз ой-пікірімен бөлісті.

Әсем Әділбекова,

Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығының психолог маманы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *