Интернет сапасы нашар болғаны үшін байланыс операторлары 10 миллионнан астам айыппұл төледі

Жаңалықтар
view 53
news

Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды,-деп хабарлайды janabastau.kz. Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторларына жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды. сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді. Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *