Көкшетауда құрылыс аумағынан өрт шығып, бір адам қаза тапты
Жаңалықтар
62
Көкшетау қаласында құрылысты күзететін дүңгіршек өртке оранып, бір адам мерт болды деп хабарлайды janabastau.kz.
Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, өрт салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағындағы 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет дүңгіршегінен шыққан.
Өрт электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау салдарынан болған.
«Өрт уақытылы сөндірілді. ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт болған жерден бір адамның өлі денесі табылды», - делінген хабарламада.
Пікірлер (0)