Иран ең қуатты соққы басталғанын мәлімдеді
depositphotos.com
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) жексенбі, 1 наурыз күні Израильге және Таяу Шығыстағы АҚШ базаларына қарсы «ең қуатты» шабуыл басталғанын хабарлады. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «9 каналға» сілтеме жасап мәлім етті.
Тегеран таратқан мәлімдемеде Иран қарулы күштерінің «америкалық-сионистік сипаттағы нысандарға» бағытталған соққылары «жаңа кезеңге өткенін» атап өткен.
«Иран қарулы күштерінің қарсылас армиясына жасаған қуатты соққылары жаңа фазаға өтті. Жер мен теңіз террористік агрессорлар үшін жиі зиратқа айналады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ КСИР ирандық күштер АҚШ-тың USS (United States Ship — АҚШ әскери кемесі) Abraham Lincoln әуе тасымалдаушы кемесіне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, кеме төрт баллистикалық зымыранмен атқыланған.
КСИР баспасөз қызметінің мәліметін IRIB (Islamic Republic of Iran Broadcasting — Иран Ислам Республикасының мемлекеттік телерадио хабар тарату корпорациясы) келтіріп, шабуылдан кейін әуе тасымалдаушы кеме базасынан Үнді мұхиты бағытына қарай бет алғанын хабарлады.
Алайда АҚШ-тың Орталық әскери қолбасшылығы Тегеранның мәлімдемесін жоққа шығарды. Қолбасшылықтың X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында USS Abraham Lincoln кемесі соққыға ұшырамағаны айтылған.
«Lincoln кемесі зақымданған жоқ. Ұшырылған зымырандар нысанаға тіпті жақындаған да жоқ», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар АҚШ тарапы әуе тасымалдаушы кеме Иранға қарсы операция аясында ұшақтарды ұшыруды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Пікірлер (0)