Иранда 30-дан астам адамның көзі көрмей қалды
Жаңалықтар
222
Сурет: Ашық дереккөзден
Иранда жарылыстың салдарынан адамдар көз жанарынан айырылды, деп хабарлады janabastau.kz.
Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портында болған жарылыстан кейін 30-дан астам адам көру қабілетінен айырылған.
Қолда бар мәліметке сәйкес, зардап шеккендердің басым бөлігі — порт жұмысшылары, құтқарушылар және жарылыстан кейін оқиға орнына жеткен еріктілер.
Жарылыс болғанына он күнге жуықтаса да, жауапты мекемелер әлі күнге дейін зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жариялаған жоқ.
Пікірлер (0)