"Іші тар әйел тек қыз туа береді": Психолог ұл таба алмай жүрген қыз-келіншектер туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 111
news

Instagram/Ләззат Нұрлыбек

Танымал психолог, космоэнергет Ләззат Нұрлыбек қыз туа беретін әрі ұлды бола алмай жүрген қыз-келіншектер туралы сыр тарқатты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Неге көп отбасында қыз бала дүниеге көп келе береді. Ұлды аңсап жүреді, біз өзі қазақ ұлды қашаннан бері биік қойғанбыз ғой. Өмірімнің, ұрпағымның жалғасы, шаңырақтың иесі деп кез келген отбасы қазақ отбасы ұлды аңсайды, күтеді.

Оның негізгі екі себебі бар, біріншісі, сол үйдің отағасы ер адам қыздың қадіріне жете бермеген. Жүріс жүріп, қыз баланы сыламай, дөрекілік көрсетіп. Соған Алла Тағала әдейі қызды көбірек береді.

Қыздың қадіріне жетсін деп, екінші себебі — сол үйдің отанасы іші тар адам болса, ол әйел көбіне ұл туа алмайды», — деп мәлімдеді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *