«Ит ала ма, ет ала ма, ол – өзінің ақшасы»: БЖЗҚ дауына қатысты депутат пікірі

Жаңалықтар
view 88
news

Фотосурет: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев тіс емханаларында болып жатқан күмәнді әрекеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс дәлізінде депутат журналистердің сұрағына жауап берді.

Миллиардтаған ақша еліміздегі ТОП-20 тіс емханасына ғана тиесілі екен. Оның ішінде шынайы тісін емдетіп жатқан азаматтар бар. Одан кейін өтірік «емдетіп» жатқандар бар. Мен «10-15 пайызын алып қалады» дейтінді естимін. Сондықтан да осындай әрекеттерден оны тоқтатты, - деді Дәулет Мұқаев.

Сондай-ақ ол зейнетақы жинағындағы қаржы халықтың қажетіне жұмсалуы керек деген пікірде.

Жалпы, менің түсінігімде шектен асқаннан кейін халықтың өз ақшасы ғой. Берілуі керек. Тісін емдей ме, той жасай ма, ит ала ма, кредитін жаба ма, ет ала ма, ол – өзінің жинақтаған ақшасы. Оған «не тісіңді емде, болмаса үй ал» деген дұрыс емес секілді. Өйткені ол – өзінің жинап, айлығынан 10 пайыз беріп отырған ақшасы. Мен алған жоқпын, жинаймын, - деді депутат.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *