Израиль Иран барлау қызметінің басшысы өлтірілгенін мәлімдеді
Жаңалықтар
30
Фото: irna
Иранның барлау министрі Эсмаил Хатиб Израильдің әуе соққысы нәтижесінде қаза тапты. Бұл туралы The IDF мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Сәрсенбі күні түнде Израиль Әскери-әуе күштері ЦАХАЛ барлау мәліметтеріне сүйене отырып, Тегерандағы нысаналы соққы кезінде Иран режимінің барлау министрі Эсмаил Хатибтің көзін жойды, - делінген Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) хабарламасында.
Эсмаил Хатиб Иранның барлау министрі болып 2021 жылы тағайындалған. БАҚ мәліметтері бойынша, ол Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеиге ең жақын адам болып саналады. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац та бұл ақпаратты жергілікті БАҚ-қа растады.
Пікірлер (0)