Кандидаттарға Мәдениет порталы ЖШС-на интернет-алаң ұсыну шарттары
Жаңалықтар
136
«Мәдениет порталы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты https://janabastau.kz/ сайтынында партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша және мәслихат депутаттығына үміткерлерге интернет-алаңын ұсыну шарттарын жариялайды.
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды ұсыну шарты
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша және мәслихат депутаттығына үміткерлерге «Мәдениет порталы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты https://janabastau.kz/ сайтының интернет-алаңын ұсынудың жалпы шарттары. «Мәдениет порталы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) - https://janabastau.kz/ сайтының (бұдан әрі - Сайт) меншік иесі. Соған орай «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі – Кандидат) ақпараттық қолдауға дайын. Сол үшін 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген сайлауда депутаттықтан үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарына (бұдан әрі - үгіт материалдары) интернет-алаңын пайдалану төлемақы мөлшері, интернет-алаңды беру шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді. Кандидаттардың сайтта үгіт материалдарын орналастыруы 2023 жылғы 18 ақпан сағат 18.00-ден 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады. Кандидат интернет-алаңды сайттың меншік иесі басшысының атына жазбаша өтініші беру және Сайттың меншік иесі мен Кандидат арасында немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде пайдалана алады. Кандидаттардың өтініші тіркеу журналына кезегімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін белгілеу арқылы тіркеледі. Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс: 1. Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 2. Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат; 3. Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі; 4. Шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат. Үгіт-насихат материалдарының саны, хронометражы, жариялануының болжамды күні мен уақыты Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі. Кандидаттардың үгіт-насихат материалын Сайтта орналастыру жазбаша өтініштердің келіп түскен ретімен жарияланады. Өтініштер бірдей уақытта түскен жағдайда жеребе тасталу арқылы белгіленеді. Жарияланған материалдар Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және Сайттың мобильді қосымшасында қолжетімді болады. Үгіт-насихат материалдары сайтқа орналастыру күніне дейін 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірілмей HTML5, GIF, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылады. Үгіт-насихат материалдарда қайдан қаржыландырылатыны нақты ақпарат болуы керек. Кандидат өзі ұсынған үгіт-насихат материалдарының мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болуына тікелей жауапты. Сайттың меншік иесі конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңмен қарастырылмаған әскери құрылымдар құру, сонымен қатар басқа да Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша және мәслихат депутаттығына Кандидаттың адамгершілік абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы. Кандидаттар Сайт меншік иесінің талабы бойынша үгіт-насихат материалдарында көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынады. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңын ұсыну шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау қарсаңында кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын республика аумағында «Мәдениет порталы»ЖШС-іне қарасты медиада («Jana Bastau» әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси газеті, janabastau.kz, madeniportal.kz сайттары және Instagram@madeniportal.kz, Instagram@janabastau.kz, Facebook.com/Janabastau.kz, Facebook.com/madeniportal.kz, Telegram-да:@ jana_bastau, @madeniportal) жариялаудыңПРАЙС-ПАРАҚШАСЫ
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау қарсаңында кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын республика аумағында «Мәдениет порталы» ЖШС-іне қарасты janabastau.kz және madeniportal.kz сайттарында сайлауалды үгіт материалдарын жариялау құныСайттағы материалдарға | 1 символ бағасы |
Сайттың барлық беттерінде | 25тг. |
Баннер | 720х90 пиксель | Сайт маңдайшасы (барлық беттерде, ротацияда 3 баннер) | Аптасына 75 000 теңге |
Баннер | 720х90 пиксель | «Жаңалықтар/Новости» қатарының үсті немесе сайттың астыңғы қатарында (тек бас бетте, ротацияда жоқ) | Аптасына 50 000 теңге |
Баннер | 300х250 пиксель | Сайттың қапталында (барлық беттерде, ротацияда) | Аптасына 50 000 теңге |
PR-мақала | 18 000 таңба + 5 сурет | «Қоғам/Общество» бөлімінде, «Компания ақпараты/Новости компании» бөліміне бекітіп қою, жаңалықтар келіп түсу ретімен | 160 000 теңге |
(Post) | 1 пост жариялау қызметіне көрсетілген сома | 50 000 теңге | |
(Post) | 1 пост жариялау қызметіне көрсетілген сома | 50 000 теңге | |
Telegram | (Post) | 1 пост жариялау қызметіне көрсетілген сома | 50 000 тенге |
Пікірлер (0)