Қазақстан жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөледі
Жаңалықтар
75
Бұған қоса, “Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырады” деп хабарлады Ақорда.
Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде болған аса ірі екі зілзаладан кейінгі құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. BBC мәліметіне қарағанда, зілзаладан 7,2 мыңнан астам адам қаза болған. Түркияда құрбандар 5,4 мыңнан асты. Елде бір апта қаралы күн жарияланды.
Ақпанның 6-сы күнгі жер сілкінісі осы ғасырда Түркияда болған аса ірі зілзала саналады.
Қазақстан СІМ 7 ақпанда соңғы түскен мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қаза болғандар арасында қазақстандық жоқ деп мәлімдеді. Бірақ балалары Түркияда оқитын бірнеше ата-ана хабарласып, көмек сұраған.
Пікірлер (0)