Танымал тележүргізушіге тоқал болуға ұсыныс жасаған ауқатты азамат туралы бар шындықты айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Танымал тележүргізуші Анна Данченко өзіне тоқал болуға ұсыныс жасайтындардың жоқ емес екенін ашық айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.
Анна Данченко жеке өмірі туралы алып қашпа әңгімелерге тоқ етерін айтты.
«Менің жеке өмірім көп адамға қызық. Мен тұрмыста емеспін, балам жоқ. Сондықтан болар, көп оқырман соны бетіме басып, “Отырып қалдың! Өзіңе бала туып ал! Байға шық!” деген сөздерді, өз міндеттері деп есептеп, жекеге жиі жазады. Кей кісілер шын көңілмен бақыт тілесе, басқалары әдейі “шымшып, тигізіп” жазатын сияқты. Сонда мен “Күлге аунап туам ба?”
Жоқ әлде бір жігіт айткандай: “шешеңді таста, сосын сені алам, менің анамның жағдайын жасайсың”), ал басқасы: “сенің көлігің де, жұмысың да, үйің де бар, сенікінде бәріміз тұрамыз”.
Қазіргі жігіттердің көбі осындай) Бәрі талап қойғыш, әйтеуір. Жасасын жағдайымды, отбасын кұрам десе, сол отбасын асырай алатындай ақылы, білімі, жұмысы болсын! Еңбекқор болсын!
Ал, енді Анама катысты жаман сөзді бірде бір адамға айтқызбаймын!!! Ешкім тіл тигізбесін!
Бұйырғаны болады, бірақ барлығын қызға жүктеп қоюдың қажеті жоқ. Қыз таңдайды — сөзіне емес, ердің ісіне қарап! Қол көтеретін, көзге шөп салатын, арман-мақсаты, жұмысы жоқ, ата-ананы құрметтемейтін, ауызынан шіріген, боқтық сөз шығатын, мені бағаламайтын, еріншек жігітке тұрмысқа шықпау — ол менің таңдауым!
Отбасылы азаматпен сөйлеспеу, тоқал болмау, куйеусіз бала тумау — ол менің таңдауым!
Сөз салып жүрген жігіттер жоқ емес, бар, бірақ мен өзіме қандай адам керек екенін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін сатқындықты да көрдім. Жетер.
Өмір менікі, кейін ол адаммен тұратын да мен, одан бала туатын да мен. Адам танитын жасқа келдім деп ойлаймын. Мен зат емеспін, ойыншық емеспін! Сезімнен бөлек, ақылға салып таңдаймын болашақ жарымды. Құдай қаласа, жақсы адам жолығады.
Мен ешкімге жамандық жасаған жоқпын, Алла көріп тұр, ниетіме қарай беріп жатыр барлығын, шүкір. Бақытты Ана, бақытты Жар, бақытты адам болуымды да Алла нәсіп етсін! Барлық аруларға соны тілеймін! Әмин!», — деп жазды тележүргізуші.
Пікірлер (9)
Анна, алға қойған мақсатыңа жет, бәрі дұрыс сөзіңнің де, тілегіңнің де. Мінезің ашық, көңілің таза, парасатты, сұлу жансың. Анаң аман есен болсын. Бәрі бір алланың қолында. Тесік моншақ жерде қалмайды, қазақтың мақалы. Сен жерде емес, биіктесің, қолы жеткен созып көрсін. Бақытты бол.
Анна қызым,қандай үлкен жүректі жансың,сезіміңнен өзіңе деген сеніміңнен айналсақ болмаспа.Бағың ашылсын,әлі жассың,Алла қалап жақсы жар болып,теңіңді табасың,бақытты бол!
АННА сіз өте ақылды білімді қызсыз Мен сізді БІР БОЛАЙЫҚ бағдарламасынан көп көргем Теңіңізді тауып әлі ақ бақытты боласыз Алтайдың арғы бетінен өзіңізге БАҚЫТ тілеймін Анаңыз қасыңызда Аман болсын
Анна ханым сіздің келбетіңіз, сымбатыңыз қазақ азаматтарының жүрегін қыздырмай қоймайдй,. Білімді, танымал тұлғасыз. Керемет телжүргізушісіз. Анна ханым сіз бақытыңызды табасыз, анаңызда аман болсын. Сізді жақсы көремін. Сұлу қыз менің ұлым келбетті жігіт, орта білімі, жұмысы бар. Англияға алты айға кетті, тамыз айында келеді. Таныссаңызшы. Тел менің 77055213668
Анна әйел бақытын тілеймін! Өз ақылың ақыл-ақ,кісі ақылы шоқырақ. Бақытты болуға лайықсың.
Анна ханым!сизге биреуге токал болуга лайыкты жан емессиз.Сизге керемет бакытты ер азамат жолыгады.Сиз бакытты болуга лайыкты арусыз.
Анна ханым сіз өте ақылды, парасатты сұлусыз, сіздің бақытыңыз өз қолыңызда, ең басты анаңыз аман болсын, сізде әрдайым аман жүріңіз!.
Әйел бакытын тилеймин сизге ,бағытты болнз өз таңдауын амал га аса берсин,мыкты болнз,,
Анна карындасымыз,жарайсын.Акылды,парасатты,окыган,билимди Кыз.Бакыт тилеимин🌹👍🙏🙏Алладан умитинди узбе.Умитсиз шайтан Деген.Бакытты болуга лайыкты жансын.Арманына жет дегим келет.Акылын озине сай.Жарайсын.🌹👍🙏