Күйеуі бар Дина Төреәліге 1001 раушан гүлін сыйлаған батыр кім болды
Сурет: Ашық дереккөзден
Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі белгісіз біреуден 1001 раушан гүліп алып, желіні шулатты, деп хабарлайды janabastau.kz.
Көпшілік қауым бұл әрекеттің ерсі екенін жазып жатыр.
Белгісіз біреуден раушан гүлін алған сәтімен Дина Төреәлінің өзі бөлісті. Ол: «Бүгін мынандай сұмдық жағдай болып жатыр. Курьер доставка цветов деп жазған соң алдын ала қыздарым шығаар деп ойлап штатив қойып мәз болып жүргенмін…Семьясы бар адамға бұндай пранк жасап керек емес шығар. 1001 роза келгенде шок болдым.
Кімнен деп ойлайсыздар примерно? Енді ертең сағат 12 де шығу мына заманда бір жағынан қорқынышты екен», — деп жазды.
Көпшілікке Дина Төреәлінің бұл қылығы ұнамаған. Олар: «Отбасылы әйелге ерсі көрінеді екен», «Күйеуің қайда қарап отыр, ұят қайда», «Пранк емес пе?», «Оны несіне абырой қылып желіге саласың, қайын жұртыңнан ұялмайсың ба» деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Пікірлер (0)