Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады: жағдайы ауыр
Жаңалықтар
84
Сурет: Ашық дереккөзден
9 шілдеге қараған түні Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік апатына түсті. Қазіргі уақытта ол ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеп.
Апат облыс аумағындағы тас жолдардың бірінде болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан шенеунік түрлі дене жарақатын алып, шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің мәліметінше, Әсет Масабаевтың жағдайы ауыр. Ол бас миының шайқалуы, кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты және көптеген соққы жарақаттарын алған.
Пікірлер (0)