Қайрат пен Аргоняға есірткі алуға көмектескен қыз сотталып, әншілер бостандықта жүр - заңгер

Жаңалықтар
view 116
news

Коллаж: kun.kz

Заңгердің айтуынша, қыз сотта Қайрат Нұртас пен Арғын Аусаровқа есірткі сатып алуға көмектескенін мәлімдеген

Заңгер Айман Омарова өзінің желідегі парақшасында есірткі сатумен айналысқан әйелге шығарылған сот үкіміне қатысты жазды, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Жазуынша, 2020 жылы Гауһар Мұсаға аса ірі көлемде есірткі сатты деген айып тағылған. Сотта бойжеткен есірткі сатумен айналыспағанын, бірақ әнші Қайрат Нұртас пен Арғын Аусаровқа есірткі сатып алуға көмектескенін мәлімдеген.  

Заңгер бұл мәлімдемеден кейін сот тез арада «сату» деген бапты «сақтау» деп өзгертіп, қызды небәрі үш жылға бас бостандығынан айырды деп отыр.

Ол әншілерді түрмеден құтқару үшін осындай шешім қабылданды деуге толық негіз бар екенін жазады. Сондықтан сотталушыға аз жаза берілген.

«Тергеу барысында қыздың уәждері ашық ескерілмеді. ҚР-ның Бас прокуратурасы бұл істі қайта қарап, соңына дейін жеткізуге тиіс. Заң алдында барлығы тең. Түсініктемелерде үкім мен жеке сот шешімі қоса берілген»,-деп жазады Айман Омарова.

Ұсталған қыздың айтқаны бойынша тексеріс жүргізілмеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *