«Қазақтың тойы бітсін! Қадірі кетті» – Ермек Тұрсынов

Жаңалықтар
view 1244
news

Сурет: Ашық дереккөзден алынды

Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов қазақтың тойы жарысқа айналып, қадірінің кеткенін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақтың тойы бітпесін дейміз. Мен үшін қазақтың тойы бітсін осымен! Нені тойлай береміз? Тойдың қадірі кетті ғой. Той емес, жарысқа айналып кетті. Біреу 500 адам шақырса, анау 1000 адам шақырады», дейді Е.Тұрсынов.

ЖОЛДЫҢ БОЙЫ ТОЛҒАН ТОЙХАНА

Сондай-ақ ол Алматы мен Талғардың арасындағы жолдың бойына тойхана қаптап кеткенін де атап өтті. Ылғи сенбі, жексенбі күндері тойханаларға адам толып, аузы-мұрнынан шығып тұратынын жеткізді.

«Біреу тұсаукесер өткізіп жатады, біреу мектепке түсті, біреу мектеп бітірді, ал енді бірі институтқа түсіп, тағы біреуі кандидат, доктор болып жатыр. Ал енді бірі кредит алып, үйленіп жатыр. Одан кейін орлар ажырасып кетіп, несиені әке-шешесі төлеп жүреді», деген Тұрсынов мұндай «комедия» Қазақстаннан басқа бірде-бір елде жоқ екенін айтып қынжылды.

Осылай деген Е.Тұрсынов әлемді екі рет айналып шыққан адам ретінде ешбір елден мұндай жағдайды кездестірмегенін айтты.

«Ананың бәрі қайыршы, мынаның бәрі бейшара, бәрі жұмыссыз. Бірақ, той – это святое», дейді Ермек Тұрсынов.

Пікірлер (2)

  • Гулнар

    Мен келисемин, ысырап коп, кредит алып той жасайды дейди рас болса, бул енди маскара гой

  • Айсара

    Той жарысы деген ,ол рас біреу тойып секіреді,біреу толып секіреді,ал көбі халықтың кредит алып секіреді,тіпті тойға кредитқа киініп,шашу апарам деп шашылады.Шағын той жасаса солда жетеді,туған туыс,көрші, досқа.Біреулер шыреніп қалған басшыларды шақырып жарысады еш кім болмаса да,сонымен 300,400,500 кісі шақырдым деп мақтанады,ал керек болса.

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *