Қазақстандық студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақылары 1 қыркүйектен бастап өседі
Жаңалықтар
75
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Атап айтқанда, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі primeminister.kz сілтеме жасап.
Пікірлер (0)