Қазақстандықтардың мәдени қажеттіліктері қандай?

Жаңалықтар
view 532
news

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеу орталығының президенті Гүлмира Илеуованың айтуынша, Қазақстанның мәдени жағдайына әлеуметтік зерттеу жүргізу жағы кемшін. Сол себепті «Кейінгі жылдары жергілікті биліктің мәдениет ошақтарына көңіл бөлуі жақсарды ма және мемлекет мәдениеттің қай бағытына неғұрылым қолдау көрсетуі керек деп ойлайсыз?» деген тақырыпта жүргізілген сауалнама арқылы көп нәрсеге көз жеткізуге болады деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай әлеуметтік зерттеуді Г.Илеуова 14 жыл бұрын жүргізген екен. Оның нәтижесіне қарап автор екіұдай күйге түскенін жасырмады: «Елдің бір бөлігі мәдениетіміз қарқынды дамып келеді, болашағынан үміт күттіреді деп санайды. Ал енді бір бөлігі мәдениеттің қазіргі ахуалына алаңдаушылық танытты. Мұндай бірі-біріне мүлдем кереғар пікірлер баға берушінің жеке көзқарасы мен нені «мәдениет» деп түсінетіндігіне байланысты. Бұл жағдайда мәдениетті тек бір жақты қабылдайтын, оның бір ғана компонентіне басымдылық беретін екі түрлі көзқарастың бар екенін байқаймыз: біріншілер – мәдениетті өнер нысандарының өндірісі, рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы десе, екіншілер – мәдениетті әлдебір ұлттың/этностың салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, жөн-жоралғыларының жиынтығы ретінде қабылдайды. Кейінгілер мәдениеттің қазіргі дағдарысын қоғамның қазақтың төлтумалық бірегейлігін сұйылтып алуымен түсіндіреді», дейді ол. Сауалнама нәтижесі бүгінде ел ішінде дәстүрлі қазақ мәдениетінің өркендеуіне, ата-бабамыздың салтдәстүрін сақтауға деген сұраныстың анағұрылым үстем екенін көрсетті. Мәдени даму тоқырауға түсті ме? Осыдан бір мүшел уақыт бұрынғы және бүгінгі кезеңді салыстырып қарасақ, қазір қазақстандықтардың мәдени мұқтаждықтары өзгерді ме? Өткен зерттеуде мәлім болған мәдени үлгілерге деген қоғам сұранысының құрамдастығы, әсіресе жас шамасы әртүрлі адамдар арасындағы айырмашылық жойылды ма? 2009 жылы фокус-топтың талқылауына қатысқандар мәдениет саласын, оның ішінде нысандарын қаржыландыру нашар деп бағалаған еді. Олар әсіресе ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы қиын екендігін жеткізген. «Сауалнамаға қатысушылар мемлекет пен қоғам тарапынан мәдениетті дамытуға көңілдің нашар бөлінуі ең бірінші қазақтың төл мәдениетіне кесірін тигізіп, ана тіліміздің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, оған деген сұраныстың саябырсуына әкеліп соқтырды деп санаған», – дейді зерттеуші. Ал 2022 жылдың наурыз айында жүргізілген сауалнамада сұрау салынғандардың көпшілігі (45%) мәдениет нысандарының ахуалы бұрынғысынша, ешқандай оң өзгерістер жоқ деген пікірден айнымаған. Респонденттердің тек төрттен бірі ғана жағымды өзгерістер болғанын айтады. Әрбір бесінші респондент (18%) жергілікті билік мәдениет ошақтарына назар аудару ды бұрынғыдан бетер нашарлатып жібергенін жеткізді. Мұндай айыптаулар, әсіресе ауылдық жердегі адамдардың аузынан жиі естіледі.

Бұл жағдайда мәдениетті тек бір жақты қабылдайтын, оның бір ғана компонентіне басымдылық беретін екі түрлі көзқарастың бар екенін байқаймыз: біріншілер – мәдениетті өнер нысандарының өндірісі, рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы десе, екіншілер – мәдениетті әлдебір ұлттың/этностың салтдәстүр, әдеп-ғұрып, жөн-жоралғыларының жиынтығы ретінде қабылдайды. Кейінгілер мәдениеттің қазіргі дағдарысын қоғамның қазақтың төлтумалық бірегейлігін сұйылтып алуымен түсіндіреді.

Ал «Адамдардың тұрғылықты жерлерінде демалыс пен бос уақыттарын өткізуге көңілі тола ма?» деген сұраққа қатысушылардың 49 пайызы «қанағаттанамын» немесе «дұрысы қанағаттанамын» деп жауап берсе, 44 пайызы қанағаттанбайтындығын білдірген. Бұл жерде біз үшін, әсіресе 2009 жылғы және 2022 жылғы сауалнамалардың жауаптарын салыстырып қарау көп жайттың бетін ашады: «қанағаттанушылар» мен «қанағаттанбаушылардың» айырмасы – 48% және 46%. Осы салыстырудан екі сауалнаманың арасында 13 жыл уақыт өтсе де жағдайдың көп өзгермегенін көреміз. «Егер салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, сауалнамаға қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысында адамдардың демалу және бос уақыттарын өткізуге біршама жақсы жағдай жасалғанын айтады. Ал ШҚО, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында керісінше, демалыс жағдайы өте нашар. Сондай-ақ Астана қаласының әрбір екінші респонденті шаһарда демалуға және бос уақыттарын көңілді өткізуге тиісінше жағдай жасалмағанына назар аудартты», дейді Г.Илеуова. Ауыл да өркениетің жемісін көргісі келеді. Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, сұрау салынғандардың көпшілігі мемлекеттің музей/қорықтарға, қазақтың ұлттық өнері мен халық қолөнеріне мейлінше қолдау көрсетуі тиіс деп санайды. Ал басымдылығы бойынша 2009 жылғы сауалнамада 2-орында тұрған кинематография 2022 жылы 4-орынға кейін сырғыған. Ескерткіштерді қорғау маңыздылығы да былтыр біршама төмендеген. Оның есесіне, мәдениет пен өнердің кейбір классикалық түрлері – театр, бейнелеу өнері, әдебиет, балет бағыттарының тартымдылығы артқан. Соған қарап қоғамда мәдени даму көптүрлілігінің негізі сақталған деп топшылаймыз. Осы жолғы сауалнама сұрағына алғаш енгізілген «телесериалдар өндірісі» бағытын әрбір оныншы респондент қолдаған. Сауалнама нәтижесінен, әсіресе ауылдық жерлерде жұртшылықтың мәдени ошақтарға көңілі толмайтынын көреміз. Сондай-ақ қалың бұқара демалатын және бос уақытын өткізетін орындардың тапшылығы да айқын сезіледі. Көпшілік ауыл тұрғындары мәдени нысандар күтімінің нашарлығына, әйтпесе оның мүлдем жоқтығына кеюлі. Және сол арқылы өздерінің мәдени қажеттіліктерін жүзеге асыра алмағандары үшін наразы. Мұндай қынжылыс негізінен ауылдық жерлерге, сондай-ақ ауылдық аумақтары көп өңірлерге тән. Оның жөні бар. Мәселен, республика бойынша 6 293 ауыл болса, соның тек 3 738-інде (59%) ғана мәдениет ошақтары кездеседі. Бірақ олардың өзінің көпшілігінің жағдайы оңып тұрған жоқ. Сөйте тұра, ел үлкен үміт артқан «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасында мәдени ошақтарды салу немесе қалпына келтіру шаралары ескерілмей қалған.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Парламентте өткен Үкімет сағатында ауыл ең алдымен мәдениеттен басталатынын еске сала келе, көпшілік ауылдарда, әсіресе шалғай жатқан елді мекендерде мәдениет үйлері жоқтығын, барының өзі апаттық жағдайда тұрғанын, ол нысандарды жөндеуден өткізу қажеттігін айтты. Ал философия ғылымдарының докторы Ерболат Баятұлының айтуынша, «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде біраз шаруалар жасалған. Әсіресе, ұлттық рухани мұрамызға қатысты айтарлықтай ауқымды іс-шаралар қолға алынғандығын жеткізді. Мәселен, 100 томдық «Бабалар сөзі» жинағы – фольклортанушы ғалымдардың еселі еңбегінің нәтижесі. Алайда мәдениетті қолдауға, дамытуға бөлінген қаржы кейде өз мақсатына жұмсалмай жатады. Науқандық шараларға, челендж деген сияқты болымсыз нәрселерге әуестігіміз басым. Көп жерде кешенді істер атқарылмайды дейді. «Мәдениетке қолдау көрсету үшін ең алдымен осы саладағы қызметкерлердің жалақысын көтеру, әлеуметтік жағдайына мән беру, осытараптағы проблемаларын шешу қажет. Ең аз жалақы алатындар – мәдениет, өнер саласының қызметкерлері. Айлығы шайлығына жетпейтін өнер адамынан шығармашылық өрлеу күту мүмкін емес, ұят», дейді  Е. Баятұлы.  «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде біраз шаруалар жасалған. Әсіресе ұлттық рухани мұрамызға қатысты айтарлықтай ауқымды іс-шаралар қолға алынғандығын жеткізді. Мәселен, 100 томдық «Бабалар сөзі» жинағы – фольклортанушы ғалымдардың еселі еңбегінің нәтижесі. Алайда мәдениетті қолдауға, дамытуға бөлінген қаржы кейде өз мақсатына жұмсалмай жатады. Науқандық шараларға, челендж деген сияқты болымсыз нәрселерге әуестігіміз басым. Көп жерде кешенді істер атқарылмайды дейді.

Мәдениет – елдің айнасы, мемлекеттің бет жүздігі, ұлттың дәстүрлі рухани тамыры. Бұл осалдаған жерде руханият туралы ештеме айтуға болмайды. Әдебиет те – мәдениеттің саласы, қоғамның барометрі. Оның да күйі оңып тұрған жоқ. Мақтаған кітап әлеуметтік тапсырыспен бар жоғы 2 000 дана ғана болып шығады. Әдебиет дұрыс насихатталмай жатыр. Айтыс өнерін саясаттың қолжаулығы, азғана топтың малтабарлығына айналдырдық. Қазір жастар кітап оқымайды. Әсіресе ұлттық руханиятқа селсоқ қарайды. Олардың санасы тиктоктың деңгейінде. Хаос. Рухани сауатсыздық жайлаған. Мұның салдары жаман болады. Кітапханаларға, музейлерге, театрларға айырықша көңіл аудару керек. Ұлттық мәдениетті насихаттаудың жаңаша формаларын табу қажет. Шығармашылық жастарды қолдау күн тәртібінен түспесе игі еді. Әлемдік мәдениеттің озық үлгілерінен үйренген дұрыс, алайда біз ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді дамыту арқылы ғана таныламыз және өзімізді сақтай аламыз.

Дәулет АСАУ

Пікірлер (1)

  • Juilecy

    Injection of tamoxifen initiated deletion of the ADAM10 gene and led to a significant reduction in ADAM10 protein expression in renal distal and proximal tubule cells <a href=https://cialis.lat/discover-the-best-prices-for-cialis>buying cialis online safe</a> 94 Hypothyroidism abnormally low activity of the thyroid gland, resulting in retardation of growth and mental development 5 people, 7

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *