Ерікті болу да ерлік

Жаңалықтар
view 635
news

Ерікті болу екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Ол үшін алдымен үлкен жүрек, ептілік керек. Ерікті болудың тарихының өзі тереңде жатыр екен.

Бастапқыда еріктілерді тек қана ерікті әскери адамдар деп атаған. Италияда, Францияда, Англияда және Германияда сексен және отыз жылдық соғыс кезінде әртүрлі билеушілер жаңа аңшыларды өздерінің туының астында күресуге шақырды. Бірақ көбінесе әскерлерді қолдауға ақшасы болмай, оларға тек атақ пен әскери олжа ғана сыйақысы болады деп шешті. Көптеген адамдар үшін бұл жеткілікті болды: 17- ғасырда француз волонтарийі, итальяндық волонтарий, неміс волонтарийі, ағылшын волонтеры бір мезгілде дерлік пайда болды. Сондықтан 18-19 ғасырларда Ресейде бұл сөз ұзақ уақытқа созыла алмады. 17 ғасырдың аяғында, көптеген Еуропа елдерінде еріктілер институты еріктілерді жалдау немесе шұғыл жұмылдыру үшін толыққанды мемлекет жүйесінде қалыптасты. Бұл жүйе техникалық қызмет көрсетуге кететін мемлекеттік шығындарды азайтумен қосалқы әскери бөлімдерге қызмет көрсету үшін қолданылды. Бұл жүйе Ресейде I Петрден бастап қолданылды деуге болады деген деректер бар. Мейірімділік Қоғамы, Құтқарушы Армия, Қызыл Крест Қоғамы сияқты декларативті еріктілер ұйымдарының дамуы мен бүкіл әлемге таралуы XIX ғасырдың соңғы онжылдықтарында «волонтер» сөзін қайырымдылық, әлеуметтік пайдалы және ең бастысы жанқиярлық әрекетпен байланыстырды. Еріктілік идеясы Қазақстанда 1993 жылдан бері БҰҰ еріктілер бағдарламасы пайда болғаннан бастап дами бастады. Еріктіліктің ауқымы артып келеді, көптеген тәуелсіз волонтерлік бастамалар мен топтар, сондай-ақ өз бастамасы бойынша шетелдік тәжірибе жинақтаған еріктілер жұмыс істейді. Еріктілердің ең ірі ұйымдарының бірі – 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және еліміздің барлық аймақтарында кеңселері бар «Қазақстан еріктілері Лигасы» қоғамдық қоры. Бұл ұйымның есебінде сәтті жүзеге асырылған жобалардың көп саны және 10 мыңнан астам ізбасарлары бар. Ұлттық еріктілер желісі бойынша әрбір 8-ші қазақстандық азамат қандай да бір түрде еріктілікке қатысады екен. 2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті «Еріктілік туралы» Заңға қол қойды. Мемлекет еріктілерді мемлекеттердің саммиті, Ислам конференциясы ұйымы, Азия ойындары, ЭКСПО – 2017 және басқалары сияқты республикалық маңызы бар ауқымды іс-шараларды өткізуге тартады. Ал 2020 жыл Қазақстанда «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Еріктілерді бүгінгі күннің батыры, қоғамның жанашыры деп толыққанды айтуға болады. Себебі олардың атқарған әр ісінде жанашырлық, ізгі ой жатыр. Қосшы қаласында да еріктілер қатары жыл санап артып келеді. Бұл көңіл көншітетін дүние. Себебі қала болып қалыптасқанына көп болмаған аймақтың дамуы үшін өз еркімен үлес қосамын дейтін жанашыр азаматтардың көп болуы аса маңызды. Қаламыздың белсенді еріктілерінің бірі Ербол Мақсұтұлы Түркістан облысы Шымкент қаласынын тумасы. Ол «Тұран-Астана» университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген. Бос уақытында спортпен шұғылданады. Баскетбол, футболды жақсы ойнайды, жаттығу залына жиі баруға тырысады. Бойындағы күш-қайраты мен білімін жақсылықтың жолына арнаған Ербол салауатты өмір салтын ұстанады.

Ол «Ерікті болуыма жақсылық жасау , өзгелерге көмек қолын созу, қоғамға пайда тигізуім керек деген ойым себеп болды. Елдің дамуына қолымнан келгенше үлесімді қосатын азамат болып қалыптасқым келеді. Болашақтың жарқын, келешектің кемел болуы біз секілді жалындаған жастардың қолында», дейді.

Қосшы қаласында маңызды істің басынан табылатын Ербол 28-29 қазан Ақмола облыстық жәрмеңкесінде ерікті ретінде ардагерлер мен зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек қолын созу акциясына бір кісідей атсалысқан. 18 қараша күні Қосшы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті полиция қызметі қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен, Қосшы қаласы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында жылыту маусымында тұрғындардың өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту пештерінің дұрыс жабдықталуын, зақымданған электр желілері мен қондырғыларын пайдалануға жол бермеу бойынша нұсқаулықтар жүргізіп, әлеуметтік аз қамтылған топтардың үйлеріне улы газды анықтайтын қондырғылар орнату жұмысында да Ерболдың қосқан үлесі зор. Сондай-ақ Қосшы қаласы әкімдігі Жастар ресурстық орталығының “Жас сақшы” ұйымының белсенділері қалалық төтенше жағдайлар бөлімі және полиция бөлімімен бірлесе, Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының аумақтарында жылыту кезеңінің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде де белсенділік танытты.

 «Жақында “Мақтанышым – Қосшы” қалалық патриоттық флешмоб байқауы өтті. Патриоттық флешмобқа қаламыздың 7 мектебінен 400 -ге жуық жастар, ұстаздар қатысты. Жастар арасында патриоттық сезімді арттыру, ұжымдық бірлікті қалыптастыру, елдің өнері мен рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында іс-шараны ерікті ретінде ұйымдастыруға атсалыстым. Қазіргі уақытта Қосшы қаласы полиция бөлімімен Жас сақшы ұйымы бірлесе отырып, әлеуметтік алаяқтыққа қарсы акциясын өткізіп жатырмыз. Жалпы, жақсылық жасау – адам табиғатына тән нәрсе. Өзгелерге көмек қолын созып, ерікті болу үшін де ерік-жігер мен жомарт жүрек керек. Осы екеуі үйлесім тапқанда ғана ешқандай материалдық қажеттілік бермейтін ерікті болуға болады. Бас пайдасын емес, басқаларға көмек қолын созып, қоғамға пайдасын тигізуді ойлайтындардың қатарында екенімді әрдайым мақтан етемін», дейді қаламыздың сүбелі дамуы үшін өлшеусіз үлес қосып жүрген Ербол Мақсұтұлы.

Нарық заманында, сананы тұрмыс билеген уақытта өз еркімен жақсылық жасап жарыса білген азаматтардың қатарында болу мәртебелі іс. Еріктіліктің ертеңі зор деуге себеп көп. Өйткені қоғамда олардың белсенділігін қажет ететін орта жеткілікті.

Гүлназ БИСЕН

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *