«Судья Әсел Досаева көлікті мас халде жүргізген»: Астана соты пікір білдірді

Жаңалықтар
view 88
news

Фотосурет: Halyqstan Telegram-арнасы

Астана соттары судьяның мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Материалдар Бас прокуратураға жолданды

Соттың мәліметінше, Қазақстан Республикасының судьялары сот төрелігін жүзеге асыру кезінде олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін ерекше құқықтық мәртебеге ие. Алайда бұл мәртебе оларды құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар Ішкі істер министрлігімен Бас прокуратураға жолданды. Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары Сот Кеңесіне ұсыныс енгізеді, - делінген хабарламада. 

Жауапкершілікке тартуды Жоғарғы Сот кеңесі шешеді

Тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ судьяларды іріктеу, тағайындау және қызметтен босату мәселелері дербес мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құзыретіне жатады.

Барлық қажетті тексерулер уәкілетті органдармен заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуде. Қазақстан Республикасының сот жүйесі заңдылық, әділдік және лауазымына не мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтардың заң алдында теңдігі қағидаттарын әрдайым ұстанады. Судья тарапынан заң мен қызметтік міндеттерін бұзу фактісі заң талаптарына сәйкес тиісті құқықтық баға мен салдарынсыз қалмайды, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Астана қаласында азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас халде көлік жүргізгені үшін ұсталғанын жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *