«Болды, талақ бер»: Боксшы Махмұд Сабырхан бірінші әйелімен не үшін ажырасты

Жаңалықтар
view 141
news

Фото: https://www.instagram.com/erzhigiitovna.a

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның екінші әйелі Айғаным Ержігітқызы әлеуметтік желідегі парақшасында көпті толғандырған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Stan.kz жазды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма»: «Күлпәш» келін» Қабатовты қолдап жазба жариялады

«Ешқашан блокқа қойған емеспін»: Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйеліне жауап берді

 «Мөлдірдің қолынан ыстық шәй ішуші едік...»: Мұхамеджан Тазабек Қабатовтың ажырасуына қатысты пікір білдірді

«Сатқындықты өз қолыммен...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап отырып сұхбат берген (ВИДЕО)

«Ит үреді, керуен көшеді»

Оның айтуынша, ажырасу күйеуінің бірінші әйелі Назымның шешімі болған.

Махмұд онымен ажырасамын деп отбасы құрған жоқ, ондай ойы да болмаған. Маған бәрін түсіндіріп берген. Назым өзі кеткісі келген, кетті. Махмұд қанша оған түсіндіргісі келген, түсінбеген. Әкесіне де айтқан: “ Қызыңыз кетемін деп жатыр, “Қой, қызым, демейсіз бе?” деп”. Сосын соңында папасы осылай жазып жіберіпті. Ит үреді, керуен көшеді, – деп жазды Айғаным Ержігітқызы.

Спортшының жары жариялаған суретте боксшының бұрынғы жарының әкесі “Болды, талақ бер де, өміріне араласпа” деп жазғаны көрінеді. 

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Неге басу айтпайсыз?»: Журналист Тұрсынбек Қабатовтың анасына жазба арнады

Қабатовтың әйелі оны көңілдесімен ұстап алған күні 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)

«Пәтер, көлік, қымбат шуба, бриллиант алып берген»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді

Тоқалдықты заңдастыру қажет – Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

Олар қалай танысқан

Сондай-ақ ол оқырмандарына спортшымен қалай танысқанын да айтып берген. Оның сөзінше, танысуды екі жақтың аналары ұйымдастырған. Махмұд пен Айғаным үш рет кездесіп, шаңырақ көтерген.

Көп сұрақ осы екен. Біз қалай таныстық? Жазда 3 ай Астанада болдым, оқу басталып Шымкентке қайттым. Оқу басталды, оқу мен жұмыстың арасында жүрдім. Ол кезде Махмұд Ливерпульде жарыста болған. Шыны керек, мен оны ол уақытта мүлдем көрмегенмін де, танымаймын да. Бір күні жұмыста отырсам, анам жазды. Солай бізді аналарымыз, үлкендер таныстырды. Үш рет кездесіп, үйлендік, – деп жазған ол.

Еске салсақ, бұған дейін аралас жекпе-жек шебері, Қуат «Найман» Хамитов ресейлік файтер Алексей Махноның ұсынысына жауап бергенін жазған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *