«Лёха, дұрыс ұсыныс жасаңдар!»: Қуат Хамитов қарсыласына не үшін өкпе артты
Фото: ашық дереккөз
Аралас жекпе-жек шебері, Қуат «Найман» Хамитов ресейлік файтер Алексей Махноның ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшының айтуынша, Махно жіберген келісімшарттағы гонорар тым төмен көрсетілген және өзінің деңгейіне сай емес.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Шенеуніктердің 70%-ын қызметтен қуамын!»: Атышулы Қуат Хамитов сұхбат берді
«Сәләфит неме!»: атышулы Ардақ Назаров тағы да өзіне назар аудартты (ВИДЕО)
Атышулы Қуат Хамитов Дубайда жекпе-жек өткізеді
Естуімше, Алексей Махно мені жекпе-жекке шақырыпты. Бірақ, Лёха, бұл кездесу өтпесін деп, сен бәрін істеп жатырсың. Келісімшарттағы сома – күлкілі. Ондай гонорарды мен он жыл бұрын алғанмын. Дұрыс ұсыныс жасасаңдар, дайынмын. Бір ай дайындалып, 5 желтоқсанда Мәскеуде рингке шығамын. Тек лайықты шарт пен ақшаны көрсетіңдер, – деді Қуат Хамитов Instagram парақшасында.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Қыздар жауап бермейді»: Қуат Хамитов жаңалығымен бөлісті
«Мың доллар жіберсең, құттықтау айтқызып беремін»: Қуат Хамитов депутаттарды келеке етті (ВИДЕО)
Еске салсақ, Қуат Хамитов өткен айда Ресейдегі ACA ұйымында дебют жасап, жергілікті спортшы Анатолий Бойконы төрешілер шешімімен жеңген. Сол жекпе-жектен кейін ол жасы 35-тен асқан қарсыластармен ғана айқасуға дайын екенін жеткізіп, арнайы Махноны жекпе-жекке шақырған еді.
Бұл жолы да Хамитов әділ келісім талап етіп, «дұрыс шарт болса, жекпе-жекке шығамын» деп білек сыбанып отыр.
Пікірлер (0)