Аида Балаева: Media Week форумы тәжірибе мен ақпарат алмасудың маңызды алаңына айналды

Жаңалықтар
view 32
news

Фото: gov.kz

Астанада Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығы өтіп жатыр. Онда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі оқылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы осындай басқосулардың маңызы ерекше екенін айтқан.

Дәстүрлі Astana Media Week форумы тәжірибе мен ақпарат алмасудың маңызды алаңына айналды. Биылғы медиа апталық осы дәстүрді лайықты түрде жалғастырып отыр. Ақпарат – басты ресурсқа айналған заманда біздің осындай басқосуларымыздың маңызы ерекше. Осындай алаңда ғана біз өзекті мәселелерді ашық талқылап, қорытынды жасап, соның негізінде бизнес пен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты маңызды шешімдерді талқылай аламыз, - делінген министрдің құттықтауында.

Оның пікірінше, бүгінде Қазақстан кеңістік пен уақыт тоғысындағы ерекше кезеңді бастан өткізіп жатыр.

Мемлекет қоғам мен медиа азаматтардың сұранысына сай елдің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындап береді. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды құру ісінде осындай өзара бекем байланыс берік іргетасқа айналуға тиіс» дегені де бекер емес. Қазіргі кезде дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа арасындағы бәсекелестік күшейіп отырғаны жасырын емес, - деді Аида Балаева.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *