Мәдениетсіз асабаларға айыппұл салу керек – Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 105
news

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық телеарнаның қоғамда резонанс тудырған оқиғалар талқыланып, ақпараттың анық-қанығы анықталатын «1001 түн» бағдарламасында Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек той мәдениеттің бір көрінісі екенін, ал оны мазаққа айналдыруға болмайтынын кесіп айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қияметте асабалардың жағдайы қиын болады - уағызшы Жарқын Мырзатай

"Қонақтарды шақырып алып мазақ қылады": Халық асабаларды лицензиялауды талап етті

Асабалар той үстінде бейәдеп сөз айтып, қазақтың салт-дәстүріне нұқсан келтірсе немесе ұлттық құндылықтарды мазақ етсе, оларға тиісті айыппұл салынуы қажет. Мұны заңды деп санаймын. Себебі той — мәдениеттің бір көрінісі. Ал асабаның оны мазаққа айналдыруы дұрыс емес, - деді депутат.

Бұған дейін елімізде тойдағы әдепсіз ойындарға тыйым салынуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Тойда іш киімін шешіп билеген қыз жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *