Тойдағы әдепсіз ойындарға тыйым салынуы мүмкін

Жаңалықтар
view 114
news

Фото: видеодан скрин

Мәжіліс отырысында елімізде той мен корпоративтерде өтетін "әдепсіз" ойындарға тыйым салу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде, фильмдерде, жарнамада және басқа да салаларда ЛГБТ үгіт-насихатына тыйым салатын заңға өзгерістер енгізу мәселесі де талқыланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тойда іш киімін шешіп билеген қыз жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімованың айтуынша, жаңа заң аясында кейбір үйлену тойларында және отбасылар балаларымен бірге қатысатын іс-шараларда әдепсіз элементтері бар ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.

Түрлі ойындар өткізіледі. Олардың ішінде сексуалды сипаттағысы да аз емес. Халқымыз балаларымен бірге тойларға барады. Заңда порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын және балаларға зиян келтіретін массмедиа, әдебиет, мәдени-көркем іс-шараларды пайдалануға тыйым салынатыны жазылған, – деді ол.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов бұл заңдағы тұжырым барлық көрермендік іс-шараларға, соның ішінде тойларға да қатысты екенін айтты. Дегенмен ол бұл жаңа норма екенін және оның қалай қолданылатыны мен бақылау тетіктері әзірге нақты анықталмағанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *