«Жаным күйеді»: журналист Нұрсейіт Жылқышыбай атақ алған әріптестерін сынады
Фото: ашық дереккөз
«Уақыт көрсетеді» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Нұрсейіт Жылқышыбай атақ алған әріптестерін сынап тастады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, елге «ерекше еңбек сіңірдім» деп жүргендер көбейіп кеткен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ашуландым, қорықтым»: Нұртас Адамбай кітап жазып шыққанын айтты
Қыдырәлі Болманов өздерін Республика күнінде де елемеген билікке өкпелі
«Менен басқасының бәрі алған ба?»: Әнші Әmre марапат алмағанына ренжіді
Аспаннан медаль жауып жатыр ма, түсінбеймін… Бір қарап отырсаң, төсбелгі тағып, суретке түсіп, «ерекше еңбек сіңірдім» деп жүргендер көбейіп кетті. Ал нағыз еңбек адамдары қайда?! Таңнан қара кешке дейін мал соңында жүрген малшы, жердің шаңын жұтып, егін еккен диқан, көше сыпырып, пол жуып, қаланың тазалығын сақтап жүрген аналарымыз ше?! Солардың еңбегі бағаланса ғой, шіркін! Кейбір екі сөздің басын қосалмайтындар атақ алып, ал адал еңбектің иелері елеусіз қалғанда, шынымды айтсам, жаным күйеді. Марапат сөзбен емес, маңдай термен келу керек қой… – деп жазды ол.
Пікірлер (1)
Өте орынды айтылған әңгіме.