Қыдырәлі Болманов өздерін Республика күнінде де елемеген билікке өкпелі

Жаңалықтар
view 280
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанын жазып, ренішін білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол ұлттық музыканы заманауи стильмен үйлестіріп, домбыраның үні арқылы әлемге қазақ рухын паш еткен ұжымға бүгінде мемлекеттік деңгейде лайықты баға берілмей отырғанын алға тартты.

«Ұлытау» тобы 7 жыл бұрын Домбыра күнінің, ал 3 жыл бұрын Ұлытау облысының құрылуына идеялық серпін берген рухани феномендердің бірі саналады. Топтың шығармашылығы – ұлттық мұра мен заманауи музыканың синтезі, әлемдік сахнада қазақтың күй өнерін танытқан алғашқы этно-рок бағытындағы жоба. Музыканттар Құрманғазының «Адай» күйін Моцарттың симфониясымен қатар қойып, ұлттық аспаптың мүмкіндігін жаһан алдында дәлелдеді. Топ әлемдік деңгейдегі екі Гран-при жүлдесін иеленіп, қазақ өнерін жаңа белеске көтерді, - деді Қыдырәлі Болманов.

Соған қарамастан, «Ұлытау» тобы Қазақстан тарапынан бірде-бір марапат не ресми құрмет қағазын алмаған. Ең қызығы, олар 15 жыл бұрын Ингушетия Республикасының халық әртісі атағын иеленген. Музыкасүйер қауым мен мәдениет саласының өкілдері бұл жағдайды әділетсіздік деп санайды.

Неге өз еліміз мойындамайды? Неге ұлттық музыканы әлемге танытқан ұжымның еңбегі еленбей, үнсіз қалдырылып отыр? «Ұлытау» тобының еңбегі – ұлттық идеологияның, өнердегі стратегия мен нәтижеліліктің айқын көрінісі. Олар ұлттық музыканы жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, қазақ өнерінің әлемдік аренадағы беделін арттырды, - дейді Қыдырәлі Болманов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *