«Ашуландым, қорықтым»: Нұртас Адамбай кітап жазып шыққанын айтты

Жаңалықтар
view 289
news

Фото: Instagram.com/nurtasadambay

Белгілі продюсер, әзілкеш Нұртас Адамбай әлеуметтік желіде кітап жазғанын айтып, сүйіншіледі, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Кітап жаздым.

Көп уайымдадым. Ашуландым. Қорықтым. Қарсы тұрдым. Тіпті ауырып та қалдым.

Бірақ бәрібір жарияладым.

Бүгін — шыққанына үшінші күн.

Өзімді жеңіл сезініп тұрмын.

Адамдар кітапты техникалық себептерге байланысты сатып ала алмай жатқанын жазады.

Бұрын болса, қатты қобалжыр едім.

Ал қазір — Құдайға шүкір, бұрынғыдай емеспін.

Литрес техникалық қолдау қызметіне жаздым, - деп жазды ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тойда іш киімін шешіп билеген қыз жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Сатқындықты өз қолыммен...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап отырып сұхбат берген (ВИДЕО)

Нұртас Адамбайдың енді өз өмір жолы туралы екінші кітап жазуға кірісетінін атап өтті.

Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Енді қоя салдым.

Шын мәнінде, бұл кітап менікі емес.

Нәтиже де менікі емес.

Адамдарға ұнай ма, жоқ па — маңызды емес.

Ештеңе маңызды емес.

Маңыздысы — ниет. Кім үшін жазғаным, не үшін жасағаным.

Енді екінші кітапқа кіріскім келеді — өз жолым туралы.

Бірақ алдымен «Тим мен Дженнера» кітабын ағылшын тіліне аударып, Amazon-ға жариялау керек.

Керемет сезім — бұрын сенбей жүрген нәрселеріңнің бәрі
шындық екенін түсінген сәт, - деді продюсер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *