Футболдан ӘЧ-2026: Өзбекстан құрмасы дебюттік матчында Колумбияға есе жіберді

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: Өзбекстан ФФ

Тарихта алғаш рет футболдан әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Өзбекстан ұлттық құрамасы дебюттік матчында Колумбияны жеңе алмады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Мехиконың "Ацтека" стадионында өткен K тобындағы кездесу 3:1 есебімен колумбиялықтардың пайдасына шешілді. Колумбия сапында гол соққандар: қорғаушы Даниель Муньос (40-минутта), шабуылшы Луис Диас (65-минутта) және жартылай қорғаушы Хаминтон Кампас (90+9 минутта). Өзбекстан сапында ойынның 60 минутында жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев көзге түсті.

Ол шабуылшы әрі команда капитаны Элдор Шомуродовтың соққысынан кейін жақын қашықтықтан гол соқты. Бұл жеңістен кейін Колумбияға үш ұпай жинап, топта көш бастады. Өзара кездесуі 1-1 есебімен тең аяқталған Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамаларында бір-бір ұпайдан бар. Ұпайы жоқ Өзбекстан турнир кестесін түйіндеді.

Италиялық маман Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы келесі ойынын 23 маусымда Португалияға қарсы өткізеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *