Рио-де-Жанейродағы қақтығыс кезінде кемінде 64 адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 208
news

Фото: Reuters

Рио-де-Жанейроның солтүстігіндегі фавелаларда «Қызыл командование» (Comando Vermelho) қылмыстық тобына қарсы жүргізілген ауқымды операция кезінде кемінде 64 адам қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Тежеу» деп аталған операция барысында қаза тапқандардың арасында төрт полиция қызметкері бар. Бұл туралы Рио-де-Жанейро штатының губернаторы Клаудио Кастро мәлімдеді. Сондай-ақ 80-нен астам адам ұсталған. Операцияға азаматтық және әскери полиция бөлімдері қатысқан.

Таңертең ерте шамасында шамамен 2500 полиция қызметкері Алеман мен Пенья фавелаларына кіріп, көп ұзамай атыс басталған. «Қызыл командование» мүшелері полицияға оқ жаудырып, баррикадаларды өртеп жіберген. Тіпті дрондарды қолданып, полицияға бомба тастағаны хабарланды.

Қақтығыстар кезінде ондаған адам жарақат алды, олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Фавелалар аймағы Рио-де-Жанейро әуежайына жақын орналасқан және Бразилиядағы ең ірі қылмыстық топтардың бірі – «Қызыл командование» ұйымының негізгі орталығы болып саналады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *