Мәжіліс депутаты қаламгерлерге қаламақы беру мәселесі нақты шешілуі тиіс екенін айтты

Жаңалықтар
view 31
news

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілісмен Қазыбек Иса Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, елімізде қаламгерлер алаңсыз шығармашылықпен айналысуы үшін еңбегіне лайықты қаламақы төленуі керек деген ұсынысын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі қоғамда заманауи қазақ әдеби кейіпкердің бейнесі толық сомдалмаған. Әдебиет пен мемлекеттік идеология арасындағы өзара ықпал әлсіз, жас буынның әдебиетке қызығушылығы төмен. Сондықтан бұл бағытта жүйелі мәдени саясат пен рухани бағдар қажет. Қазір қазақ әдебиетінде рухани дағдарыс байқалады, көп шығарма тек өткен заманың сүрлеуінен шыға алмай отыр. Ал қазір елге болашаққа сенімді, жарқын жол көрсететін шынайы шығармалар керек. Әсіресе, жастарға ұлттық ұстаным мен жарқын технологиялық жаңа заманды ұштастыра білген ұлттық әдеби кейіпкерлер керек, - деді депутат.

Қазыбек Исаның айтуынша, қазақтың саңлақ жазушысы Саттар Ерубаевтың өткен ғасырдың 30-жылдары 20 жасында жазған «Менің құрдастарым» романындай өз замандастарын сомдаған, ұлттық әдебиетте тұлғалық, рухани жаңару идеясын жырлаған кесек шығармалар қажет.

Біздің ұсынысымыз Қазақстанда да АҚШ, Қытай, Германия, Үнді елдеріндегідей Әдебиет институтын ашу керек. Кезінде Кеңес одағының өзі Әдебиет институтын ашып, қаламгерлердің жаңа буынын дайындап шығарды. Қаламгерлер алаңсыз шығармашылықпен айналысуы үшін еңбегіне лайықты қаламақы мәселесі нақты жолға қойылуы тиіс, - деді Мәжіліс депутаты. 

Айта кетейік, бүгін Парламент жасанды интеллект туралы заң қабылдады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *