"Қонақтарды шақырып алып мазақ қылады": Халық асабаларды лицензиялауды талап етті
Сурет: Ашық дереккөзден
Халық асабаларға наразы. Бір кітапты соңына дейін оқымайтын асабаларға тосқауыл қою керегін айтты.
Бұл туралы janabastau.kz Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қоғамда тағы бір өзекті мәселе бар.
Ол, той өткізу үрдісі!
ҚР мәдениет министірлігі тамада біткенді лицензиялауды қолға алуы тиіс!
Әуелі қазақтың тойын өткізудің мөлшерлі жарғысын бекітіп, лицензиясы бар тамадалар бұл жарғыны бұзған жағдайда—той өткізу рұқсатынан айыру қажет!
Болмаса, мәдениеттен жұрдай болып барамыз!
Сосын, тамадалар ИП тіркеп, салық төлесін.
Осы рұқсат —лицензиясымен той жүргізсін!
Бір тойдан 1 млнға дейін сыйақы алады, бәрі қалтасына.
Күніне 10 мың әрең табатын таксисттен жандары артық емес!
Сосын, қазақта жоқ әдет—құда құдағиды көрпеге орау, ортасына шар жарғызу, т б түрлі арсыз ойындар сап тиылады.
Әлемжеліге шыққан бейәдеп істердің қай тойда болғанын, ол тойда кімнің тамада болғанын анықтау қиын емес!
Бір кітәпті соңына дейін оқымаған топас тамадаларға тосқауыл қойған дұрыс!», деп жазды.
Пікірлер (0)