Әскердегі сарбаздың қазір құр сүлдері қалды
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматы облысында Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Ербаян Мұхтардың жасы 22-де. Отбасының тұңғышы. Оның арманы асқақ, мақсаты айқын еді. Футболды жанындай сүйді. Ұлттық гвардияға түскеніне қатты қуанған жігіт болашағын айқындап қойған-ды. Алайда, әскерге барған 5 айдан соң “кенеттен дәретханада есінен танып құлады” деген сарбаз содан бері ес жимады.
Миына бірнеше рет ота жасалды, басының жартысы жоқ. 6 ай бұрынғы күш-қуатқа толы жігіттің қазір құр сүлдері қалды. Госпитальдан шығарып тастады. 20 күннен бері үйінде. Мүгедектік алмайды, қылмыстық іс тоқтап тұр.
Пікірлер (0)