Қияметте асабалардың жағдайы қиын болады - уағызшы Жарқын Мырзатай

Жаңалықтар
view 170
news

Сурет: әлеуметтік желіден

Уағызшы Жарқын Мырзатай қазіргі таңда ұятсыз билер мен ойындар ойнататын, күлдірем деп, бүлдіріп алатын асабалардың әрекетінің қияметтегі жазасының қандай болатынын айтты. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Уағызшы асабаларды әбден сынап, ащы шындықтың бетін ашты:

—Асабалар ренжіп қалмасын. Бірақ, асабалардың жағдайы қияметте қиын болады. Біреудің байын біреудің қатынымен билетіп, ішкізіп қояды. Қазақтың қыздарын қой сияқты аунатып қояды. Біріншіден, олардың бүкіл өмірі арзан күлкі. Содан, бір асаба қайтыс болып, жылдық асына бардық. Көпшілікке 3 минуттық видео көрсетті. Видеода асаба ішу, жеу. Әр құдашамен билеу, құдағилармен құшақтасу болып өмірі солай өткен екен. Қаншама некесіздерді билетіп, ойнатып, құшақтатып жатыр. Құдай сақтасын. Жігітті жерге жатқызып, үстіне қызды жатқызып ойнатқан. Сол жерде асабаның жағын айырып, ұйықтатып тастайтын жігіттер жоқ болғаны ма? Мен айтамын да, өлген бейшараның айыбын ашып, тыныш жатқызбадыңдар-ау деп. Қазақ айтады, сені тәрбилегендерге сөз келтірмейтіндей өмір сүр!

«Жалаңаш шығып билегендерді мүлдем айтпай-ақ қойдым. Алла өзән ұрпағымызды саналы ет!», «Дұрыс айтасыз. Қазір асабалар осылай қызықтырамыз деп ойлайды», «Жарқын ұстаз ақиқатты нақ айтатын ұстаздардың бірі», деп жазды халық.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *