«Шенеуніктердің 70%-ын қызметтен қуамын!»: Атышулы Қуат Хамитов сұхбат берді

Жаңалықтар
view 406
news

Фото: ашық дереккөз

Атышулы MMA файтері, танымал спортшы Қуат (Найман) Хамитов «Время» газетіне сұхбат беріп, егер қолында билік болса, шенеуніктердің 70 пайызын жұмыстан қуатынын айтты, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі.

Басылым журналисі спортшыдан: «Жанкүйерлеріңіз сізді саясатқа араласуға шақырып, мемлекет басшысының кеңесшісі әрі көмекшісі болуға лайықсыз деп жазады. Бұған не дейсіз?» сұрайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Сәләфит неме!»: атышулы Ардақ Назаров тағы да өзіне назар аудартты (ВИДЕО)

Атышулы Қуат Хамитов Дубайда жекпе-жек өткізеді

«Елім үшін 50 жасымда өлуге дайынмын!»

Қазақ футболын сынап, әріптесі Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуді ұсынған, қоғамдағы әртүрлі оқиғаларға байланысты пікірін ашық білдіріп жүрген Қуат Хамитов бұл сұраққа іркілмейді:

Менің ойымша, мен мұндай міндетті атқара алар едім! Егер маған сондай қызмет беріп, мынадай шарт қойса: «15 жыл ішінде әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арабтар, америкалықтар мен жапондардың деңгейіне жеткізесің, ал содан кейін жаныңды аламыз, өлесің» десе – мен келісер едім. Ел үшін, халық үшін осы өмірден 50 жасымда кетуге дайын болар едім, - дейді ол.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Қыздар жауап бермейді»: Қуат Хамитов жаңалығымен бөлісті

«Мың доллар жіберсең, құттықтау айтқызып беремін»: Қуат Хамитов депутаттарды келеке етті (ВИДЕО)

«Зейнетке шығу жасын 5 жылға қысқартамын!»

Қуат Хамитов қызды-қыздымен шенеуніктерді жұмыстан қуатынын жеткізді.

Шенеуніктердің 70 пайызын бірден жұмыстан шығарар едім, қалғандарына шетелде емделуге және балаларын сонда оқытуға тыйым салар едім. Сонда бәрі орнына келер еді. Студенттерге, қарияларға көмектесіп, салықтарды алып тастар едім.

Аналарды депутаттық мінберден құттықтаудың орнына, олар үшін нақты істер жасар едім. Бес баласы бар аналарға «Батыр ана» атағын беріп, зейнетке шығу жасын бес жылға қысқартар едім, сондай-ақ аналарға тексерілу мен емделуге жеңілдіктер жасар едім.

Маған өмір бойы бәрі керек болды, бала кезімнен сондай адаммын. Барлығын байқап көргім келеді, барлық жерде табысқа жеткім келеді. Әзірге бәрі сәтті болып келеді, - деді спортшы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *