«Төбелескен»: Алматы әкімінің бұрынғы орынбасарын өлтіріп кетті

Жаңалықтар
view 280
news

Фото: Ақ Жайық

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты әлдекімдер ұрып-соғып, өлтіріп кетті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға қалай болды

Қайғылы жағдай 30 қазанға қараған түні болған. Мәліметке сәйкес, Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Жиналғандардың арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан алған дене жарақаттарынан Бабақұмаров қайтыс болды.

Күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Ержан Бабақұмаров туралы

Ол 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. 

Білімі:

1991 ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «саясат тарихының оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1995-1966 жж. –  Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімі меңгерушісі, директоры.

1996 ж. – Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.

1996-2004 жж. – 2004 жылдың сәуір- қыркүйегі –  ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.

2004 жылдың қыркүйегі – 2005 жылдың наурызы –  ҚР Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылдың наурызы – 2006 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2006 жылдың ақпаны – 2007 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат, мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі.

2007 жылдың қазаны – 2008 жылдың мамыры – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.

2008 жылдың мамыры – 2012 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі  меңгерушісінің орынбасары. 

2012 жылдың қазаны – 2016 жылдың маусымы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016 жылдың маусымы – 2018 жылдың желтоқсаны – ҚР  Премьер-министрі кеңсесі  меңгерушісінің орынбасары. 

2018 жылдың желтоқсаны – 2019 жылдың сәуірі – ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.

2019 жылдың 5 сәуірінен - 5 шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі.   

2019 жылдың 5 шілдесінен бастап – Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, медальдар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *