Ақордадан кеткен Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды
Фото: Ақорда
Ақордадағы қызметінен кеткен Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Төбелескен»: Алматы әкімінің бұрынғы орынбасарын өлтіріп кетті
Қандай салаларға жетекшілік етеді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал Нүкенов тағайындалды.
Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді.
Абзал Нүкенов кім
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінде жұмыс істеген, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған.
Әр жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығын басқарған, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, жақында Тоқаев Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісін қызметінен босатқан болатын.
Пікірлер (0)