Тоқаев Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісін қызметінен босатты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Абзал Нүкеновті қызметінен босатты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Әзірге бұл лауазымға кім тағайындалатыны белгісіз.
Айта кетейік, Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.
1995-2000 жылдары — «саясаттану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)
2000-2005 жылдары — «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімі секторының меңгерушісі, консультант.
2005-2006 жылдары — Алматы қ. әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы.
2006 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2009-2011 жылдары — Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Заманауи зерттеу институтының директоры.
2011-2016 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы секторының меңгерушісі, меңгеруші орынбасары, меңгерушісі болды.
2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;
2018-2019 жылдары – "Астана" халықаралық ғылыми кешені" жекеменшік мекемесінде директорлар кеңесі төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарды.
2025 жылы 11 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Пікірлер (0)