«Өртеп жіберіңіз»: Көк-сары түсті ұнатпайтынын айтқан ресейлік әншінің басы дауға қалды
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Акмаль есімді ресейлік әншінің Петропавлдағы концертінде көк-сары түсті ұнатпайтынын айтқан видеосы тарады. ТМД елдерінде көптеген тыңдарман жинап үлгерген жас әншіден көпшіліктің көңілі қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Stan.kz жазды.
Желіде тараған видеодан көрермендердің бірі әншіге көк-сары пакетке салынған шарапты сыйға тартқанын көруге болады. Ол шарапты алып, қағаз пакетті өзіне қайтарып берді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тыңдаушы Үкімет қайда?»: Роза Рымбаева халық не үшін митингіге шығатынын айтты
Мына пакетті өртеп жіберіңіз. Маған түстері ұнамайды, – деді сахнада тұрған әртіс.
Желі қолданушыларының айтуынша, сыйлық салынған пакеттің түсі көк және сары болған. Бұл жағдай қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Көпшілік әншінің сөздерін Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне тіл тигізу деп қабылдады, өйткені аталған түстер мемлекеттік туда бар.
"Енді ол Қазақстанға келмейді деп үміттенемін”, “Біз мұндайға төзбейміз”, “Концертін өткізбей қою керек еді”, “Оған түстер ұнамаса, маған осылардың Қазақстанда жүргені ұнамайды”, “Ресей мен соғысты жақтайтындарды қуу керек”, “Соғысты қолдайтыны көрініп тұр”, “Біздің тудың қатысы қанша? Украинаны меңзеп тұрған болар?”, “Бізге үнемі біреулер бізді қорлап жатқандай көрінеді де тұрады”, “Ол бізге тіл тигізген жоқ”, “Ол Қазақстанның туын меңземеді, – деген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Пікірлер (0)