Қырғыз президенті жиенінің тойын резиденцияда өткізген
Жаңалықтар
136
Фото: dzen.ru
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жиені Данадил Жапаровтың тойын резиденциясында құпия түрде өткізген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
24.kg агенттігінің мәліметінше, үйлену тойы 25 қазанда «Ала-Арча» кешенінде, №1 мемлекеттік резиденцияда болған. Президент әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме бермеген.
Белгілі болғандай, тойға шағын адамдар тобы келген. Қонақтарға ұялытелефон мен жазба құрылғыларын пайдалануға тыйым салынған.
Садыр Жапаровтың отбасы тойдың барлық шығынын өз мойнына алған.
Пікірлер (0)