«Соғысты тоқтатуы керек!»: Трамп Путинді сынады
Жаңалықтар
34
Фото: AFP
АҚШ президенті Дональд Трмап Ресей президенті Владимир Путинді тағы да сынға алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Путиннің «Буревестник» қанатты зымыраны туралы мәлімдемесін Трамп орынсыз деп атады. 26 қазанда Ресей президенті зымыран сынағы сәтті аяқталғанын жариялады және оның әлемде теңдесі жоқ екенін айтты.
Ол соғысты тоқтатуы керек. Бір аптада аяқталуы тиіс соғыстың жүріп жатқанына төрт жыл болды. Ол зымырандарды сынақтан өткізудің орнына соғысты аяқтаумен айналысуы керек, - деді Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Бұған дейін Трамптың Путинмен кездесуден бас тартқанын жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)